Ресми сайт

Выбор языка: kz | ru

Жария ету – болашаққа жол

2014 жылғы 01 қыркүйекте елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми түрде капитал мен мүлікті жария ету басталды. Мүлікті жария ету дегеніміз - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев мүлікті жария етудің соңғы мүмкіндігін пайдалануға шақырды және жария ету бойынша өткізіліп отырған науқан соңғы болатынын хабарлады. «Бұған дейінгі талпыныстарға қарағанда бұл науқан жалпыға бірдей дерлік мағлұмдау енгізілгенге дейін әрекет етуі тиіс. Бағдарламаның жылдамдығын, құпиялылығын, объективтілігін, нарықтылығын қамтамасыз ету қажет» - деді Мемлекет Басшысы. Қазақстанда жария ету екі мәрте өткізілді. 2001 жылы ақшаны жария ету өтті. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша оның барысында заңды айналымға 480 миллионнан астам АҚШ доллары қайтарылды. 2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жария етілді. Ақша түрінде науқаннан түскен пайда шамамен 845 миллиард теңгені немесе 7 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады, яғни сол жылдың ЖІӨ-іне шаққанда 8,3 пайыз болды. Екінші науқанның тағы бір ерекшелігі жария еткені үшін алым жиналды. Соның арқасында ел бюджетіне шамамен 60 миллиард теңге түсті. Бұл жария ету науқанының ерекшелігі - жария ету науқанының біріншісінде тек банк шоттарындағы ақшаны, екіншісінде мүлік пен ақшаны көрсету мақсаты көзделсе, бүгінгі жария ету науқанында жария етілетін ақшалар табыс болып танылмайды, оларға ешқандай салық салынбайды, бірақ бұл ақша банк шоттарына түсуі және экономика барысында, атап айқтанда бес жыл ішінде жұмыс істеуі керек немесе олар заңды инвестициялық құралдарға жіберілуі мүмкін. Жария ету нәтижелерінен мемлекет сыртқы және ішкі қор көздерінен жұмыс істемейтін қаражат түсімін күтуде, ол экономиканы кредиттеуді арттыруға, көлеңкелі айналым көлемін азайтуға негіз болады, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін де, жалпы ел экономикасының дамуы үшін оң әсер ететін бюджет түсімдерінің ұлғаюына ашады.


Copyright © 2019Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Психоневрологиялық диспансері» ШЖҚ КМК ресми интернет ресурсы
Интернет-ресурстың сүйемелдеушісі: «Citrus» студиясы

Яндекс.Метрика