Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) келесіні хабарлайды. «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау сұрақтары бойынша бейнероликтер әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жана редакцияда әзірледі.
СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен және аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің аппараттарымен қызметті бағалау шеңберінде «Электронды үкімет» порталы және «Digital agent» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін насихаттайтын бейнероликтерді жасау жөніндегі жұмыс атқарылуда.
- «Digital agent» мобильді қосымшаның жұмысы туралы
-электрондық мемлекеттік қызметтер мен «Электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау
-ақпараттық бейнероликтер