Мақсаттар мен міндеттер.
Мемлекеттік Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты стационарлық, стационар алмастыратын және амбулаторлық жағдайда психикалық жағынан ауру тұлғаларға білікті және арнайы мамандандырылған емдеу-диагностикалық, консультациялық, алдын ала және әлеуметтік–еңбек сауықтыру көмегін көрсету болып табылады:
- қолданыстағы заңнамалық актілер негізінде сараптамалық функцияларды жүзеге асыру: соттық-психиатриялық сараптама өткізу;
- жедел медициналық көмек көрсету;
- қоғамды-қауіпті істер жасаған психикалық науқастарды соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру;
- сәйкес психиатриялық стационарлармен госпитализация және науқастарды шығару, шығарылған науқастарды одан әрі ұдайы бақылауға және емдеу сабақтастығы үшін мәліметтер алу мәселелері бойынша күнделікті іскери байланыс жүргізу;
- денсаулық сақтау органдарының тапсырмасы бойынша қабілетсіз психикалық науқастарды қамқорлыққа алу мәселелерін шешуге қатысу;
- науқастарды есепке алу және динамикалық бақылау;
- өткізілетін диагностикалық, емдік және сауықтыру шараларының сапасын арттыру;
- соматикалық ауруханаларға және емханаларға консультациялық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
- тұрғындардың арасында, мекемелерде, кәсіпорындарда, оқу орындарында және т.б. психогигиеналық және алдын алу жұмыстарын іске асыру;
- дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерді мамандандыру және білімдерін жетілдіру;
- халық денсулығының көрсеткіштерін зерделеу және талдау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақылы медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсету;
- лекарственное обеспечение прикрепленного населения в порядке, определяемом законодательством в сфере обращения лекарственных средств.