Ресми сайт

Тіл таңдау: kz | ru

Құрметті пациенттер және келушілер!

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35 бабына сәйкес  «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметі құрылды.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндеті - көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара әрекеттесу. Бұл: өтініштер мен шағымдарды қарау, науқастардың медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды шешу.

Қызмет медициналық ұйымның өзінде орналасқанына және оның басшылығына бағынатынына қарамастан, оның жұмысының мақсаты қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Яғни, науқастарға медициналық қызметті тиісті деңгейде және толық көлемде алуға көмектесуге, медициналық көмектің қолжетімділігін бақылауға, заң бұзушылық фактілерін анықтауға және олар бойынша жұмыс жүргізуге мүдделі.

Сізде пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға толық негіз бар, егер:

  • Шұғыл көмек алуға немесе дәрігерге қаралуға сақтандыру мәртебесін талап етсе;
  • Дәрігердің болмауына қатысты  басқа дәрігерге қаралуға жібермесе;
  •  Сіз осы емханаға тіркелгеніңізге қарамастан  ПДО/БПДО дәрігері/ мейірбикесі сізге қызмет көрсетуден бас тартса;
  • ПДСҚ маманы жұмыс орнында болмауына байланысты Сіз  маманының кеңесін ала алмасаңыз;
  • Денсаулық көрсеткіштеріне байланысты қажетті диагностикалық және зертханалық жолдамаларды бермесе;
  • Жүргізілген қарап-тексеру нәтижесімен таныстырмаса;
  • Дәрігер қабылдау барысында дөрекілік танытса;
  • Көрсетілген медициналық көмек сапасына көңіліңіз толмаса;
  • диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
  • медициналық жазбаларыңыздан қате деректер немесе жазбалар тапсаңыз;
  •  медициналық қызметкерлер  мен медициналық ұйымның жұмыс сапасына жалпы көңіліңіз толмаса және тағы басқалар. 

Пациенттерді қолдау қызметінің:

«сенім телефоны» - 8-715-2-50-36-56

ПДО сайты -https://pnd-sko.kz/;

- Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің дәрігер-сарапшысы Светлана Анатольевна Кашемироваға тікелей жүгінуге болады- (клиникалық бөлім, 2 қабат, № 2 кабинет) 

Пациенттерді қолдау қызметіне неліктен жүгіну керек?

- Жүгінуге ыңғайлы – дәл сол жерде, ешқайда барудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ;

- медициналық ұйым туындаған мәселені сыртқа шығармай, іштей шешуге мүдделі;

- медициналық ұйымның жағдайын біледі, сондықтан туындаған мәселені тез арада шеше алады;

- қызметтің барлық қажетті ақпарат пен ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар;

- қызмет өзінің медициналық ұйымының медицина қызметкерлерімен таныс және дәрігермен келіссөздер жүргізу арқылы белгілі бір мәселелерді шешуге әсер ете алады;

- түсіндіру, консультациялық мәселелерді тез арада шешу мүмкіндігі бар;

- басшылыққа жақын орналасқандықтан, қызмет анықталған мәселелерді шешу мақсатында  басшылықты хабардар ете алады;

- мәселені жалпы шешуге аз уақыт кетеді.

Сіз аты-жөніңізді, тегіңізді және байланыс ақпаратыңызды (телефон, мекенжай, электрондық пошта мекенжайды) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді «Өтініштерге арналған жәшікке» қалдыра аласыз.

Азаматтардың шағымдарына арналған жәшік емхананың бірінші қабатында, психиатриялық және наркологиялық бөлімшелердің кіреберіс бөлмесінде орналасқан.

Қабылдау бөлмесіндегі «Жүгіну журналында» өтініш пен шағымдарыңызды қалдыра аласыз, сонымен қатар біздің www.pnd-sko.kz сайтына хабарласып, «Сіздің психикалық денсаулығыңыз» айдарында өтінішіңізді қалдыра аласыз.

Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында өтінішіңізді комиссиялық тұрғыда және сіздің қатысуыңызбен  қарауға болады.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтініңшіңізді тез арада 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарастырып, өтінішіңізді қарастыру нәтижесі туралы ақпаратты ұсынады.

Пациенттерді қолдау қызметінің телефоны: +7 (7152) 50-36-56


Copyright © 2024Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Психоневрологиялық диспансері» ШЖҚ КМК ресми интернет ресурсы
Интернет-ресурстың сүйемелдеушісі: «Citrus» студиясы

Яндекс.Метрика