«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің 2021 жылғы «29» қантардын № 54 бұйрығымен бекітілді
|
«Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Психикалық
денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерінің мінез-құлқының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1. «Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасынының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және Басқарманың ақпараттық-талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін құрайды.
2. Стандарт «Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбестік ахуалынна қол жеткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрінісін уақтылы айқындау және олардың жағымсыз салдарын жоюға арналған.
3. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысына жол бермеу.
4. Кәсіпорын қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктерін орындаған кезде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және олардың органдарымен байланысты емес Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын басшылыққа алады.
5. Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы (соның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы) аясында:
1) медициналық қызмет алуға келген азаматтар және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырғанкезде мыналарды:
азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қараған кезде азаматтардың құқықтары мен бостандығына басымдылық, бюрократизм мен жөнсіздікке жол бермеуді;
азаматтардың заңды құқықтарын іске асырудың ең қысқа мерзімі және заңды мүдделерін қамтамасыз етуді;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді;
қызмет алушыларға шығутегіне, әлеуметтiк, лауазымдықжәнемүлiктiкжағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнгекөзқарасына, нанымына, тұрғылықтыжерiнебайланыстынемесекезкелгенөзгемән-жайларғабайланыстықандай да біркемсітушіліксіз бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
мыналарға:
азаматттың өтінішін қарау мәселені объективті шешуге мүдделі емес екендігіне қатысты адамға жүктелген жағдайда;
шағым берген адамға зиян келтіретін немесе оның мүддесіне қатысты шағым берілген жағдайға;
өтініште іс-әрекетіне шағым түскен лауазымды адамдарға өтінішті жіберуге;
адамның жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметті оның келісімінсіз жария ету мүмкіндігіне;
өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректер белгілеуге жол бермеу.
2) өз құзыреті шегінде басқару және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде мыналарды:
барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыретін нақты шектеу және және оларды жұмыс істеуін келісуді;
лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатынасы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен көрсетілімдерді шығаруға жол бермеуді;
туыстық, жерлестік және жеке сенімділік қасиеттері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;
меритократия прициптерін сақтауды;
қабылданып жатқан шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершіліктіқамтамасыз етеді.
3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде:
осы актіні қабылдау жөніндегі құзырет Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей қарастырылған жағдайда нормативтік құқықтық акті қабылдау;
азаматтардың құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстациялардың ең аз саны.
4) күнделікті қызметте:
қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;
жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтайды;
Қазақстан Республикасының медицина және фармациялық қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтайды;
лауазымдық өкілеттіктердіжәнесоғаннегізделгенбеделiнжекебасының, топтық және өзге де қызметтiк емесмүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу;
оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылытар туралы басшылықты және (немесе) құқық қорғау органдарын жел түрде жеткізеді;
мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндететрін орындаған
кезде жеке қызығушылқытарының туындауы, сыбайлас жемқорлық әдетіне және сыйлық алуға көндіру туралы тікелей немесе тура басшыға қажет болғна жағдайда жеткізеді;
әріптестерге және басшыға өзара қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, қызметтік бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартады;
қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;
мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылық алу не пайда түсіру мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
тікелей туыстық қатынастағы (ата-анасы, жұбайы, іні, апа-қарындасы, балалары) адамдардың тікелей бағынысты немесе бақылауындағы лауазымдарға тағайындалудан бас тартады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенділік танытады;
орындауға алған өкімнің заңсыздығына күмәні туралы тікелей басшысына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды;
құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті сақтауды қолдайды;
мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және олардың салдарының туындау мүмкіндігінің себептері мен шарттарын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;
қызметтік тәртіп пен қызметтік намысты сақтайды;
басшыға қатысты олардың лауазымдық мүмкіндіктері арқылы жеке сенімділік көрінісіне, пайда және артықшылық алуға тырысуға жол бермейді;
өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық жауапкешілікте болады.
6. Басшы:
өзінің мінез-құлқымен бейтараптық, шындық, жеке тұлғаның намысына және адамгершілігіне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетеді;
басшылықты бірегей, бөлу қызметі арқылы жүзеге асырады және қабылдаған шешімдерінің заңдылығы үшін жеке жауапты болады;
лауазымдық өкілеттіктерден тыс тапсырмаларды орындауды қарамағындағылардан талап етпейді;
қарамағындағы қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделердің қақтығысын реттеу жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
сыбайлас жемқорлықтың алды алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан бас тартады;
өзінің қарамағындағы қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жұмыс жағдайы және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауларына жол бермеу үшін жеке жауапты болады.
15.08.2023 Қоғамдық талқылау
2023 жылғы 15 тамызда "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың Талдамалық анықтамасын жария талқылау өткізілді, талданатын кезең 2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы сәуірге дейінгі талданатын кезең.
08.08.2023 Талқылау
Хабарландыру Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылғы 21 шілдеден бастап кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. 2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы сәуірге дейін, 21.07.2023 жылдан 21.08.2023 жылға дейін талданатын кезең сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды Осыған байланысты, ШЖҚ КМК "Психикалық денсаулық орталығы" қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау 2023 жылғы 8 тамызда Петропавл қ., Рига к-сі, 6 мекенжайы бойынша өтеді. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша заң кеңесшісі Г. Д. Томпышеваға 2023 жылғы 21 тамызға дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8715-2-46-20-77
ПЛАН РАБОТЫ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ УЗ акимата СКО на 2021 год.