Ресми сайт

Тіл таңдау: kz | ru

Медицина қызметкерлері күні

Біздің мемлекет жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Медицина қызметкері күнін атап өтеді. Дәрігерлік мамандық ежелгі және ең ізгі мамандықтардың бірі.

17 маусым күні Психикалық денсаулық орталығында Медицина қызметкері күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті. Солтүстік Қазақстан облысының аймақтық филармониясының ұжымы іс-шараға қатысушыларға өздерінің шығармашылық қойылымдарын тарту етті. Концерт аясында «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығының» ШЖҚ КМК директоры Бейсембаев Дәуренбек Жұмағұлұлы ұжымға құттықтау сөз сөйледі, барлық қызметкерлерге жақсылық, денсаулық, кәсіби сәттілік тіледі. Орталық қызметкерлеріне олардың күнделікті, ауыр, бірақ асыл жұмыстарына ризашылық білдірді. Ерекше көзге түскен қызметкерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлеріне Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы К.Е.Сақтағанов кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектері жазылған алғыс хаттар жолдады.

https://pnd-sko.kz/data/uploads/pnd/prazdnik.mp4

Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК-да «Аңызға айналған дәрігер» атты іс-шара өткізілді, оған дәрігер-психиатр Зинаида Ивановна Богачева шақырылды. Биыл ол кісі 87-ге толады, оның 55 жылын біздің орталықта қызмет атқаруға арнаған.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сақтағанов Қабдрахман Еркенұлы қала тұрғындарының психикалық денсаулықтарын сақтау барысында адал еңбегі, тынымсыз қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Және де Зинаида Ивановнаны психикалық денсаулық орталығының ұжымы да онлайн тұрғыда құттықтады.

https://pnd-sko.kz/data/uploads/pnd/whatsapp-video-2021-06-16-at-15.28.38.mp4

Дөңгелек үстел

2021 жылғы 6 сәуірде Психикалық денсаулық орталығында «Облыс тұрғындары арасындағы аутодеструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге психикалық денсаулық орталығының мамандары (психиатр-дәрігерлер), Нұр-Сұлтан қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қатысты. Аталған іс-шарада облыс тұрғындары арасындағы суицид фактілері мен әрекеттері туралы статистика талқыланды, бұл туралы «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Бейсембаев Дәуренбек Жұмағұлұлы баяндады. Бірлескен іс-шаралар жоспары құрылды. Облыстық аудандардың ауруханалары мен мектептерінде көшпелі семинарлар, дәрістер, мамандардың кеңестерін өткізу туралы шешім қабылданды.

Интернетте түрлендіру

2020 жылғы 4 желтоқсан күні Психикалық денсаулық орталығының мамандары онлайн режимінде «Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар тұлғаларға амбулаторлық-емханалық көмек көрсету» тақырыбында өткен республикалық кеңеске қатысты. «Солтүстік –Қазақстан облысында «Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар тұлғаларға амбулаторлық-емханалық көмек көрсету» тақырыбына бас дәрігер Д.Ж.Бейсембаев баяндама жасады.

Дөңгелек үстел

2020 жылғы 10 маусым күні сағат 11.00-де «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК Халықаралық есірткіге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Есірткінің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылыр: СҚО Денсаулық сақтау басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығы». Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Дәуренбек Жұмағұлұлы Бейсембаев аймақтағы есірткі жағдайы туралы баяндады. Ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелері, тұрғындар арасында есірткінің алдын-алу міндеттерін шешу. Қиын өмірлік жағдайдағы, дағдарыс жағдайындағы адамдарға психологиялық, психотерапевтік, құқықтық, әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылданды - бұл барлық бөлімшелердің ортақ ісі.


Copyright © 2024Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Психоневрологиялық диспансері» ШЖҚ КМК ресми интернет ресурсы
Интернет-ресурстың сүйемелдеушісі: «Citrus» студиясы

Яндекс.Метрика