«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК
«ҚР ДСМ Қазақстан Республикасының психикалық денсаулық қызметін дамытудың 2017-2018 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында «Психоневрологиялық диспансер» ШЖҚ КМК «Облыстық наркологиялық орталығы» ШЖҚ КМК қосылу арқылы қайта құрылды. 2018 жылғы мамыр айынан бастап «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК болып қызмет көрсетуде. Психикалық денсаулық қызметтерін халыққа жақындату және қолжетімді ету мақсатында облыс тұрғындарына мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық көмекті Психикалық денсаулық орталығы, Петропавл қалалық 3 емханасы, 13 аудандық бастапқы психикалық денсаулық кабинеттері, «Денсаулық» КЖМ психикалық денсаулық кабинеті жүзеге асырады, пациенттердің тұрғылықты жерлері бойынша білікті психиатр-нарколог дәрігерлері наркологиялық және психиатриялық көмектің барлық түрлерін көрсетеді. Психиатриялық науқастар амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Біздің миссиямыз-халыққа ауруларды диагностикалауда, емдеуде, алдын алуда, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуда және елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруда стандарттар мен инновациялық технологиялар негізінде білікті қолжетімді медициналық көмек көрсету.
Біздің ұранымыз: «Біздің халыққа - сапалы, қолжетімді, үздіксіз және қауіпсіз көмек көрсету».
Мақсаты: пациенттердің сапалы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған медициналық ұйымның ішкі тетіктерін оңтайландыру .қажетті көлемде үздіксіз және қауіпсіз медициналық көмек көрсету.
Ұйымның құндылықтар жүйесі:
Кәсібилік-өзінің барлық үздік білімін, мүмкіндіктері мен тәжірибесін пациент пен ұжымның игілігі үшін, тұрақты даму мен оқыту негізінде жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағыттау.
ҚР ДМ СҚО әкімдігінің «Психиқалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК ересек тұрғындарға және балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді:
Жоғары, бірінші және екінші санатты дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер мамандандырылған көмек көрсетеді.
Ұйымның ресми мекенжайы:Қазақстан, 150010, Петропавл қаласы, Рига көшесі, 6.
Телефон/факс Секретаря: 8 (715) 2-46-20-77
Телефон/факс/ хатшы: 8 (715) 2-46-20-77
Тіркеу бөлімі: 8 (715)2-52-43-53
Медициналық жедел жәрдем тобы: 8(715) 2-46-42-30
Науқастарды қабылдау бөлімі: 8 (715) 2-46-85-01
Пациенттерді қолдау Қызметі: 8 (715) 2-50-36-56
Консультативтік-психологиялық көмек көрсету: 8 (715) 2-34-05-00 (дж-жм 9.00-ден 16.00-ге дейін)
Солтүстік Қазақстан облысының ересек тұрғындарына және жасөспірімдерге арналған анонимді мамандандырылған психологиялық көмек: 7-771-029-26-99
Наркологиялық қызмет:
Наркологиялық бөлімше:8 (715) 2-52-49-74
ОВАД: +7(7152) 39-71-52, +7(7152) 39-71-54
e-mail: cpz_zdrav@sqo.gov.kz
Біздің әлеуметтік желілер:
Құжаттар: